Академия сыныптары туралы
Біздің мектепте Академия сыныптары 1–6 параллельдерінде оқиды.
Оқыту уақыты таңғы 8:00-ден 17:35-ке дейін созылады.
Оқушыларға арналған бағдарлама әртүрлі пәндерді қамтиды, соның ішінде:
Сингапурлық оқыту жүйесі: оқушылардың белсенді қатысуын, критикалық ойлауды және өз бетімен жұмыс істеуді ынталандыратын білім беру тәсілі. Бұл әдіс оқушыларға өз білімдерін тереңдетуге және нақты өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Сингапурлық математика: Дүние жүзі бойынша танымал әдіс, оқушыларға логикалық ойлауды, проблемаларды шешуді және математикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Ағылшын тілі: Коммуникациялық дағдыларды дамыту және тіл біліміне негізделген.
Science: Ғылыми түсініктер мен эксперименттік дағдыларды игеруге бағытталған.
Робототехника: Оқушылардың техникалық ойлау қабілетін арттыру үшін практикалық жобалар мен тапсырмалар.
Шахмат: Стратегиялық ойлауды және шешім қабылдауды дамыту.
Каратэ: Физикалық шынығу мен тәртіпті меңгеру.
Хореография: Дене мәдениетін қалыптастыру мен шығармашылық қабілеттерді дамыту.
STEM: Ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы білімдерін тереңдету.
Вокал: Музыкалық дағдыларды дамыту және өз дауыстарын сенімді түрде пайдалануға үйрету.
Драма: Шығармашылық қабілеттерді дамыту, сахнада өзін-өзі көрсету және командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Біздің Академия сыныптарында білім алу – бұл тек оқу ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму мен қызықты тәжірибе жинақтау мүмкіндігі!